Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Байел Әлім Дәуренұлы
    Елші

    Байел Әлім Дәуренұлы

    Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    1984 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара қ. , Түркия) бизнесті басқару мамандығы бойынша бітірген. Джордж Вашингтон университетін (Вашингтон қ. , АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қазақстан Республикасының Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Ана тілі – қазақ тілімен қатар, ағылшын, орыс, түрік және әзербайжан тілдерін жетік меңгерген.