
Байел Әлім Дәуренұлы
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1984 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкарақ., Түркия) бизнесті басқару мамандығы бойынша бітірген. Джордж Вашингтон университетін (Вашингтонқ., АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Қазақстан Республикасының Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Ана тілі – қазақ тілімен қатар, ағылшын, орыс, түрік және әзербайжан тілдерін жетік меңгерген.
2012-2014 жылдар аралығы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің сарапшысы;
2014-2015 жылдараралығы – Түркі академиясы Халықаралық қатынастар орталығының директоры;
2016 жылы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы;
2016-2018 жылдараралығы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, Стратегиялық даму департаментінің басшысы;
2018-2020 жылдараралығы – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі бірінші хатшысы;
2020 жылғы1 наурыздан 2023 жылғы 18 сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы;
2023 жылғы 18 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.