ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРДІ

    1 / 6
    Бүгін таңғы сағат 07:00-де Түркістан қаласындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.
    Сайлау учаскелері белгіленген уақытта ашылып, алғашқы сайлаушылар да келіп, өз таңдауларын жасауда.
    Түркістан қаласы бойынша барлығы 20 сайлау округі және 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне жалпы саны 139 029 азамат енгізілген.
    Дауыс беру үдерісін өткізуге қажетті жағдайлар жасалып, сайлау комиссиялары өз міндеттерін атқаруға кірісті.
    Қала тұрғындары белгіленген уақыт аралығында өз сайлау учаскелеріне барып, азаматтық таңдауларын жасай алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары