1 / 19
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, ыстық пен құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлерін көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Биыл күзгі көгалдандыру маусымында қала аумағына 216 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 50 мың түп көшет қала көшелерінің бойына егіледі.
Бүгін қаланың 32-көшесі бойында 400-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары аясында қара тал, арша және үйеңкі ағаштары егілуде.
Жоспарланған жұмыстарды қараша айының соңына дейін толық аяқтау көзделген.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









