Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш №266 сайлау учаскесіне барып, Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.
Қала басшысы сайлаудың жергілікті деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуде және тұрғындардың мүддесін білдіретін өкілдерді таңдаудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ ақтаулықтарды сайлау науқанына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
– Сайлау – әрбір азаматтың өз таңдауын білдіріп, қаланың қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды науқан. Сондықтан барша тұрғындарды сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамын, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
Айта кетейік, Ақтау қаласындағы 94 сайлау учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қаладағы барлық дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









