Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласында Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Саяси науқанның алғашқы сағаттарынан-ақ дауыс беруге келген қала тұрғындарының қарасы қалың.
Дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табысталды. Солардың бірі – Оспан Сейілханов. Ол № 269 сайлау учаскесіне алғаш болып келіп, естелік сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, бүгін Ақтау қаласында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала бойынша сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 177 384 адамды құрайды. Дауыс берушілердің өз таңдауын еркін әрі қолайлы жағдайда жасауы үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









