Ақтауда туған күн иесі сайлауда дауыс берді

    1 / 3

    Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласының тұрғыны Сұлтан Биназаров туған күнін атап өтуде. Ол 24 жасқа толған ерекше күнінде Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

    Туған күн иесі № 251 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Осы орайда сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Сұлтанды туған күнімен құттықтап, арнайы сыйлық табыстады.

    Сұлтан бұл күннің өзі үшін қос мерекеге айналғанын айтып, туған күнінде азаматтық таңдау жасау мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты екенін жеткізді.

    – Бүгін мен үшін ерекше күн. Туған күніммен қатар, қаламыздың болашағына қатысты маңызды науқанға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Сайлау учаскесінде осындай жылы ықылас танытып, сыйлық табыстаған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деді қала тұрғыны Сұлтан Биназаров.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары