Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласында тұрғындар мен қала қонақтары үшін қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылды.
Аталған бастама қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тегін қатынау мүмкіндігі жолаушылар тарапынан оң бағаланып, тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.
– Бүгін автобустарда жол жүру тегін екенін халыққа хабарлап жатырмыз. Біздің міндетіміз – тұрғындарға сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету. Халық үшін жұмыс істейміз, – деді автобус жүргізушісі.
Айта кетейік, қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады. Бұл жеңілдік түнгі маршруттарға қолданылмайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









