Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Өңір басшысы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Облыс әкімі азаматтардың сайлау процесіне қатысуының маңыздылығын атап өтіп, конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыру елдің қоғамдық-саяси өмірінің маңызды бөлігі екенін және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ықпал ететінін айтты.
Өңірде дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды. Сайлауды өткізу үшін 757 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 696-сы азаматтардың тіркелген тұрғылықты жері бойынша, ал 61-і уақытша болатын орындарда орналасқан.
Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста байланыс деректері ресми сайттарда жарияланған 21 call-орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар «Сайлау Акмо Бот» Telegram-боты іске қосылды. Сайлау учаскелерінде азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеруге арналған 199 сервис және сайлаушыларды тіркеуге арналған 8 сервис ұйымдастырылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








