Бүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды.
Дауыс беру – азаматтық міндетті орындау ғана емес, сонымен қатар өз ұстанымыңды білдірудің, ел өміріне бейжай қарамайтыныңды көрсетудің және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңызды көрінісі.
«Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қабылдаған шешіміміз бен жасаған іс-әрекетімізден қалыптасады. Сондықтан азаматтық белсенділік танытып, әр адамның таңдауына құрметпен қарау және елімізде болып жатқан қоғамдық үдерістерге бейжай қарамау маңызды. Осындай жеке шешімдер мен жауапты қадамдар ортақ болашағымыз алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады», – деп атап өтті Дарын Сабырғалиұлы.
ҮБүгін Целиноград ауданының тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Олардың арасында туған-туыстарымен, жақындарымен және отбасымен бірге келген азаматтар да бар. Бұл – өздерінің сайлау құқығын жүзеге асырумен қатар, жас ұрпаққа жауапкершілік, өзара құрмет және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды үлгі ету мүмкіндігі.
Өйткені азаматтық кемелдік тек сөзбен емес, нақты іспен, қоғам өміріне белсене араласуға деген дайындықпен өлшенеді.
Әр азаматтың бейжай қарамауы, жауапкершілігі мен өзара құрметі – қоғам бірлігі мен дамуының маңызды негізі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








