Целиноград ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Целиноград ауданы әкімінің аппараты аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қоянды ауылы әкімін сайлау

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 56/79 «Целиноград ауданының Қоянды ауылы әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қоянды ауылы әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы 13 қыркүйекке Қоянды ауылы әкімін сайлау тағайындалды. Сонымен қатар, Қоянды ауылы әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    13 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қараөткел ауылдық округі мен Қаражар ауылы тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 18 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Қараөткел ауылдық округі мен Қаражар ауылы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Қараөткел ауылдық округінде тұрғындармен кездесу Қараөткел ауылының IT мектеп-лицейінде сағат 10:00-де өтеді. Қаражар ауылының тұрғындарымен кездесу Қаражар ауылының мектеп-лицейінде сағат 14:00-де өтеді. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған. Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлауы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 6 мамырдағы № 37/69 «Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы 14 маусымда Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалды. Сонымен қатар, Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 5

    14 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Нұресіл, Оразақ мен Ақмол ауылдық округтері тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 09 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Нұресіл, Оразақ мен Ақмол ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Нұресіл ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Нұресіл ауылыныңауылдық мәдениет үйінде сағат 10:00-де өтеді. Оразақ ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Оразақ ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 14:00-де өтеді. Ақмол ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Ақмол ауылының аудандық мәдениет үйінде сағат 16:00-де өтеді. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған. Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.

    9 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шалқар, Жарлыкөл ауылдық округтері мен Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарының назарына!

    2025 жылғы 08 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Шалқар, Жарлыкөл ауылдық округтері мен Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Шалқар ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Шалқар ауылының ауылдық клубта сағат 10:00-де өтеді. Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесу ауылдық клубта сағат 14:00-де өтеді. Жарлыкөл ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Жалғызқұдық ауылыныңжалпы білім беретін мектебінде сағат 16:00-де өтеді. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған. Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    Шешім

    «2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 447/58-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 447/58-8 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 2026–2030 жылдарға арналған Целиноград ауданының даму Жоспарын осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін. 3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева «КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали 2026 жылғы 02.10. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Беркеева 2026 жылғы 02.10.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Целиноград ауданы Қаражар ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы бірлескен қаулы мен шешімге 1-қосымшаға сәйкес, жалпы ауданы 2586,3979 гектар болатын Целиноград ауданы Қаражар ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Целиноград ауданы Қоянды ауылының сайланған әкімінің тіркелгені туралы хабарлама

    Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, 2026 жылғы 15 қыркүйектегі шешімге сәйкес 2026 жылғы 13 қыркүйекте сайланған әкімін тіркеді – Қоянды ауылының әкімі – Хавджалел Хасамхан, 1983 жылы туған, Қоянды ауылында тұрады. Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 13 қыркүйек күні Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкімін сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Қоянды ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: Қоянды ауылының бойынша Қоянды ауылының әкімінің сайлауы: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6422 азамат енгізілді, оның 605 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 24, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 4. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Әнәпияев Е.Б. – 9; Нурхан К. – 94; Хавджалел Х. – 474. Қоянды ауылының әкімі болып Хавджалел Хасамхан сайланды, 1983 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қоянды ауылында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Жарияланды: