Астанада мәслихат депутаттарын сайлау күні 26 сәби дүниеге келді

    29 қарашада – мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Астанада 26 сәби дүниеге келді. Қала тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатқанда, елорданың перзентханаларында ондаған отбасы сәби сүйіп, қуанышқа бөленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 15-і – қыз, 11-і – ұл. Сайлау учаскелерінде дауыс беру өтіп жатқанда, елордалық отбасылардың шаңырағында нәрестелер дүниеге келді.

    Елордадағы перзентханалардың дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.

    Астанада ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше мән беріледі. Қалада әйелдерге жүктілік және босану кезінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары