Мұнаралы крандарды пайдаланудағы негізгі талаптар

    1 / 6

    Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы құрылыс алаңдарында мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұнаралы крандар құрылыс-монтаждау процесінде қолданылатын арнайы техника болумен қатар, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қауіптілігі жоғары техникалық құрылғылар санатына жатады. Осыған байланысты аталған жабдықтарды пайдалану кезінде бекітілген талаптарды бұлжытпай орындау міндеттелген.

    Нысандарда жабдықтың жарамдылығы мен бекітпелердің сенімділігіне тұрақты түрде бақылау жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге техникалық куәландыру мен профилактикалық қызмет көрсету жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру талап етіледі. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін крандарды бөлшектеу процесі белгіленген тәртіпке және қауіпсіздік нормаларына сәйкес іске асырылуы қажет. Ауа райының қолайсыз жағдайлары, соның ішінде желдің күшеюі, сейсмикалық белсенділік немесе басқа да қауіпті факторлар туындаған кезде кранның жұмысы дереу тоқтатылады. Құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу апатты жағдайларға, оның ішінде жүк көтергіш механизмдердің құлауына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай оқиғалар адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіріп, тұрғын үйлерге, ғимараттар мен инфрақұрылым объектілеріне едәуір залал келтіреді.


    Ақпараттық шара аясында қауіпсіздік қағидаларын бұзу азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіріп, инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруі мүмкін екендігі ескертілді. Мамандар белгіленген шараларды орындау – құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі екенін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары