«Болашақтың инженерлік білімі мен технологиялары» форсайт-семинарының қорытындысы

    1 / 8

    30 қазан 2026 жылы «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған «Инженерлік білім беру және болашақ технологиялары» форсайт-семинарын өткізді.

    Іс-шара педагогтердің инженерлік мамандықтардың трансформациясы, технологияларды дамытудың перспективалары және жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушыларды болашақ мамандықтарға даярлаудың заманауи тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдардың перспективалық ынтымақтастық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

    Семинар барысында қатысушылар инженерлік білім беруді дамытудың өзекті үрдістерін, жасанды интеллектіні оқытуда қолдану мүмкіндіктерін және цифрлық технологияларды білім беру процесіне кіріктіру перспективаларын талқылады.

    Практикалық бөлім командалық жұмыс форматында өтті. Қатысушылар жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім беру кейстерін әзірлеп, өз идеяларын ұсынып, әзірленген шешімдерін қорғады. Жұмыс педагогтердің инновациялық ойлауын дамытуға, цифрлық құзыреттерін жетілдіруге және оқытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге бағытталды.

    Кейстерді қорғау қорытындысы бойынша командалар келесі номинациялармен марапатталды: «Білім беруде жасанды интеллектіні қолданудағы креативтілік пен стандарттан тыс тәсіл үшін», «Білім беру шешімдерінің бірегейлігі мен инновациялық ойлау үшін», «Семинардың үздік тәжірибесі», «Инженерия NEXT: ойын ережелерін өзгерте отырып», «Технологиялық өсудің жаңа нүктесі» және «Болашақ бағдары».

    Семинар соңында «1С-Рейтинг» компаниясының өкілі сөз сөйлеп, заманауи цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері мен оларды кәсіби қызметте қолдану жолдарын таныстырды.

    Форсайт-семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға, инновациялық шешімдерді бірлесіп іздестіруге және мектеп, жоғары оқу орны мен IT саласы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаңға айналды. Қатысушылар әзірлеген идеялар мен кейстер білім беруде жасанды интеллектіні қолдану және оқушылардың инженерлік ойлауын одан әрі дамыту перспективаларын айқындады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары