Шалқар ауданында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай аудандық Сары Батақұлы атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында ауданның «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасалып, саладағы жетістіктер мен алдағы міндеттер сараланды.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін төсбелгімен, облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Еңбек адамдарына көрсетілген құрмет – ел дамуына қосқан үлеске берілген лайықты баға.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының әсем әндерімен жалғасты. Кеш қонақтары көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, өнерпаздардың өнерін тамашалады.
Барша ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, ырыс-берекелеріңіз мол болсын!








