Қарқаралыда республикалық дзюдо турнирі басталды

    1 / 2

    Қарқаралыда республикалық дзюдо турнирі басталды

    Қарқаралы қаласында 2011–2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Мәди Бәпиұлы атындағы VI республикалық дзюдо турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстары, Астана, Қарағанды, Балқаш қалалары және бірқатар аудандардан 200-ге жуық жас спортшы жиналды. Салтанатты жиында өңірдің спорт саласының жауапты тұлғалары мен ардагерлері қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді. Жарыс барысында қыздар бір салмақ дәрежесінде, ал ұлдар сегіз салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын болады. Турнирдің басты мақсаты – жас дзюдошылардың спорттық шеберлігін шыңдау және өңіраралық байланысты нығайту. Сонымен қатар, бұл дода өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа тартып, салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Мәди ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары