Қазақстандық боксшы Индира Қыдырмолдаева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін U19 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілі Шаша Вангпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Индира Қыдырмолдаева әлем біріншілігінің қола медалін иеленді.
Спортшыны халықаралық жарыстағы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы спорттық додаларда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!









