"Көкмайса" Республикалық этномәдени фестивалі
"Көкмайса" Республикалық этномәдени фестивалі
"Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның міндеттері:
1) облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау;
2) дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың кең тобын дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
4) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ саланың өзекті мәселелерін тиімді шешуге қатысты мәселелер бойынша олармен өзара бірлесіп жұмыс жасау.
"Көкмайса" Республикалық этномәдени фестивалі
2026 жылы қандай ірі нысандар салынады
Ағымдағы жылы құрылысы жалғасып жатқан нысандар: Жезқазған қаласында «СК Намыс» балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы (құны 4,4 млрд тг, аяқталуы – 2026 жыл) , Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында жабық жүзу бассейні (құны 1,7 млрд тг, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2026 жыл) , Қаражал қаласында жабық хоккей корты (құны 792 млн тг, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2026 жыл) Құрылысы басталады деп жоспарланып отырған нысандар: Жайрем кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені (бағасы 1,7 млрд тг, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2027 жыл) , Сәтбаев қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (бағасы 1,6 млрд тг, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2027 жыл).
Облыстың спорттық инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау облысында 236 бірлік спорт ғимараттары бар (136 бірлік спорт залдары бөлек есептелінеді), оның 128-і дене шынықтыру және спорттық маңызы бар ғимараттар, 90-ы білім беру ұйымдары, 18 спорт мектебі (оның ішінде ауылдық жерлерде – 79, жекеменшік – 9). Оның ішінде: стадиондар – 6, Спорт сарайы – 2, Спорт ғимараттары кешені – 1, спорт кешені – 14, спорт манежі – 1 жүзу бассейндері – 4, хоккей корттары – 65, жазықтық құрылғылар – 139, теннис корттары – 3, есу базасы – 1. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 136 (131 спорт залы және 5 жапсарлас спорт залы) бар, оның ішінде дене шынықтыру және спорттық маңызы бар – 23, білім беру ұйымдары – 92, спорт мектептері – 21 (оның ішінде ауылдық жерлерде – 53, жеке - 12). 2025 жылы спорт нысандарын салу бойынша спорт ғимараттарының саны 53 бірлікке артты, 1 ашық хоккей корты, 47 алаңдар (Жезқазған қаласында 4 футбол алаңы, 6 баскетбол алаңы, 5 стрит воркаут алаңы, Қаражал қаласында 1 футбол алаңы, 1 әмбебап алаң, Сәтбаев қаласында 8 футбол алаңы, 5 әмбебап алаң (баскетбол, волейбол алаңы), Жаңаарқа ауданында 6 футбол алаңы, Ұлытау ауданында 7 футбол алаңы, 1 әмбебап алаңы, 1 баскетбол алаңы, 1 волейбол алаңы, 1 стрит воркаут алаңы ) орнатылса, Жезқазған қаласында 320 орындық бассейні бар ДШСК, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні, Сәтбаев қаласында «Сұңқар» ангар үлгісіндегі спорт кешені, Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында «Толағай» ангар үлгісіндегі спорт кешені, Ұлытау ауданы Жезді кентінде 160 орындық ДШСК пайдалануға берілді.
Басқарма қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?
Басқарма 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады: «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметі; Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушыоқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметі; Спорт мектептерін және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» мемлекеттік қызметі; «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметі.
Баланы спорт мектебінің тегін бөліміне қалай жазуға болады?
«Балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш береді. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауға арналған еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген 027/е нысанындағы медициналық анықтаманы тапсырады. Спорт түрлері бойынша оқытудың алғашқы жылындағы спорттық-сауықтыру топтары мен бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау жыл бойына жүргізіледі. Спорт мектептеріндегі сабақтар тегін өткізіледі.