Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов 16–27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан U19 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Спортшы аса ауыр салмақ дәрежесінде (92 келіден жоғары) өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.
Әлем біріншілігіне әртүрлі елдерден келген жас боксшылар қатысып, халықаралық деңгейде өз шеберліктерін сынға салды.
Владислав Саможоновтың бұл жетістігі – жүйелі дайындықтың, табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі.
Спортшыны және оның жаттықтырушылар құрамын айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!









