Жезқазған қаласында дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді

    2026 жылғы 2–5 қараша күндері Жезқазған қаласында 23 жасқа дейінгі жастар (ерлер мен әйелдер) арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

    Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен келген үздік жас дзюдошылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

    Аталған жарыс жас спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, жарыс тәжірибесін арттыруға және спорттық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар чемпионат дзюдо спортының дамуына және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

    Өтетін орны: Жезқазған қаласы, «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

    Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 2–5 қараша.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жоғары нәтижелер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары