Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Смағұл» шаруа қожалығының төрағасы Смағұлов Жаңбырбай Әбілғазыұлы аудан әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Жаңбырбай Әбілғазыұлы – ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар, адал еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жүрген азамат. Төрт түлігін түлетіп, шаруашылығын дөңгелетіп отырған ол бүгінде ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз етуге де өз үлесін қосып келеді. Ауылдың берекесі – еңбекқор азаматтарында. Мал бағып, маңдай терімен нәпақасын тауып, ауыл тіршілігінің дамуына үлес қосып жүрген осындай шаруаларымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Жаңбырбай Әбілғазыұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Шаруашылығыңыз өркендеп, төрт түлігіңіз түгел, ырыс-берекеңіз мол болсын!









