Тәртіптік алгоритм: куәлікті 5 қадаммен аламыз

1-қадам. Авторизация. elicense.kz сайтына кіріңіз. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз.

2-қадам. Қызметті іздеу. Іздеу жолағына: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді... басқару құқығына куәліктер беру» деп теріп, қызмет бетіне өтіңіз. «Қызметті онлайнға тапсырыс беру» түймесін басыңыз.

3-қадам. Операция түрін таңдау. Сізге нақты не қажет екенін көрсетіңіз:

  • Беру (емтихандардан кейін алғаш рет алу);
  • Ауыстыру (ескі куәліктің мерзімі өтті, жеке деректер өзгерді);
  • Төлқұжат (дубликат) (егер құжат жоғалған немесе бүлінген болса).

4-қадам. Деректерді толтыру. Өз өңіріңізді және жергілікті атқарушы органды (Ауыл шаруашылығы басқармасын) таңдаңыз. Электрондық сауалнаманы толтырып, қажетті техника санаттарын көрсетіңіз және файлдарды (анықтама, фото, оқу туралы куәлік) тіркеңіз.

5-қадам. Төлем және қол қою. Кірістірілген төлем шлюзі арқылы баж салығын төлеңіз. Өтінімнің жобасын тексеріп, оған ЭЦҚ кілтімен қол қойыңыз ).

Қосымша ақпараттарды Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 47А мекен-жайында орналасқан «Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінен алуға болады.