Облыстың спорттық инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    ·
    Сұрақ

    Облыстың спорттық инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау облысында 236 бірлік спорт ғимараттары бар (136 бірлік спорт залдары бөлек есептелінеді), оның 128-і дене шынықтыру және спорттық маңызы бар ғимараттар, 90-ы білім беру ұйымдары, 18 спорт мектебі (оның ішінде ауылдық жерлерде – 79, жекеменшік – 9).

    Оның ішінде: стадиондар – 6, Спорт сарайы – 2, Спорт ғимараттары кешені – 1, спорт кешені – 14, спорт манежі – 1 жүзу бассейндері – 4, хоккей корттары – 65, жазықтық құрылғылар – 139, теннис корттары – 3, есу базасы – 1.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша 136 (131 спорт залы және 5 жапсарлас спорт залы) бар, оның ішінде дене шынықтыру және спорттық маңызы бар – 23, білім беру ұйымдары – 92, спорт мектептері – 21 (оның ішінде ауылдық жерлерде – 53, жеке - 12).

    2025 жылы спорт нысандарын салу бойынша спорт ғимараттарының саны 53 бірлікке артты, 1 ашық хоккей корты, 47 алаңдар (Жезқазған қаласында 4 футбол алаңы, 6 баскетбол алаңы, 5 стрит воркаут алаңы, Қаражал қаласында 1 футбол алаңы, 1 әмбебап алаң, Сәтбаев қаласында 8 футбол алаңы, 5 әмбебап алаң (баскетбол, волейбол алаңы), Жаңаарқа ауданында 6 футбол алаңы, Ұлытау ауданында 7 футбол алаңы, 1 әмбебап алаңы, 1 баскетбол алаңы, 1 волейбол алаңы, 1 стрит воркаут алаңы ) орнатылса, Жезқазған қаласында 320 орындық бассейні бар ДШСК, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні, Сәтбаев қаласында «Сұңқар» ангар үлгісіндегі спорт кешені, Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында «Толағай» ангар үлгісіндегі спорт кешені, Ұлытау ауданы Жезді кентінде 160 орындық ДШСК пайдалануға берілді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    2026 жылы қандай ірі нысандар салынады

    Жауап

    Ағымдағы жылы құрылысы жалғасып жатқан нысандар: Жезқазған қаласында «СК Намыс» балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы (құны 4,4 млрд тг, аяқталуы – 2026 жыл), Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында жабық жүзу бассейні (құны 1,7 млрд тг, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2026 жыл), Қаража...

    ·
    Сұрақ

    Басқарма қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

    Жауап

    Басқарма 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады: «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметі; Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықты...

    ·
    Сұрақ

    Баланы спорт мектебінің тегін бөліміне қалай жазуға болады?

    Жауап

    «Балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке т...

    ·