Басқарма қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?
Басқарма 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
- «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметі;
- Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушыоқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметі;
- Спорт мектептерін және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» мемлекеттік қызметі;
- «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметі.