Шалқар ауданында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінің бірі – ат бәйгесі ұйымдастырылды.
Жарыс барысында шабандоздар өзара бақ сынап, жүйріктердің жүйрігі анықталды.
ТАЙ БӘЙГЕ БОЙЫНША:
І орын – 150 000 теңге
Бозой ауылынан Темірхан Ерген, шабандозы – Аян.
ІІ орын – 100 000 теңге
Шетырғыз ауылынан Орманов Роман, шабандозы – Нұржігіт.
ІІІ орын – 50 000 теңге
Мұғалжар ауданы, Саға ауылынан Балтөре, шабандозы – Мейрамбек.
АЛАМАН БӘЙГЕ БОЙЫНША:
І орын – мотоцикл
Айшуақ ауылынан Сағындық Нұртуған, шабандозы – Әбдірахман.
ІІ орын – тоңазытқыш
Шетырғыз ауылынан Жанағұл Мақсат, шабандозы – Мақсат.
ІІІ орын – мұздатқыш
Айшуақ ауылынан Бердешов Мұқаш, шабандозы – Мейрамбек.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жүйріктеріңіз әрдайым бәйгеден оза шапсын демекпіз!
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ат спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға сәттілік тілейміз!









