ШАЛҚАРДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    1 / 9

    Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай Шалқар қаласындағы Есет Көтібарұлы көшесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

    Жәрмеңкеге ауданның шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері қатысып, тұрғындарға өздері өндірген және саудаға шығарған ет, сүт өнімдерін, көкөністерді, кондитерлік өнімдер мен басқа да күнделікті тұтыну тауарларын ұсынды.

    Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің нарықтағы бағадан төмен бағада сатылуы. Бұл тұрғындарға қажетті азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

    Аталған шараның негізгі мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, отандық өнімдердің сауда айналымын арттыру, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайту және халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

    Мұндай игі бастамалар ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп, жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін қолдауға және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

    #Шалқар #АуылШаруашылығы #АуылШаруашылығыҚызметкерлеріКүні #Жәрмеңке #ЖергіліктіӨнімАқтөбеОблысы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары