1 / 6
Алматы, 2026 жылғы 28 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Тәжікстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Тәжікстан Бас консулдығының салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.








