Шағын көлемді кемелерді пайдалану кезіндегі өзекті мәселелер талқыланды

    1 / 5

    Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде шағын көлемді кемелерді пайдалану саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс жиналысы өтті.

    Жиналыс барысында шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде туындайтын бірқатар проблемалық мәселелер, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған кемелерді орналастыруға арналған айып тұрағын ұйымдастыру және су айдындарында түнгі тыныштықты сақтау мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, заң талаптарын бұзған шағын көлемді кемелерді уақытша сақтау үшін арнайы орын белгілеу, айып тұрағының инфрақұрылымын ұйымдастыру, оны күтіп ұстау және тиісті органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, түнгі уақытта шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде азаматтардың тыныштығын бұзу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары