Атырау облысында жас қызметкерлер ант қабылдады

    1 / 8

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 9 жас қызметкер ант қабылдады

    Республика күні қарсаңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі мен марапаттау салтанатына және қысқы киім үлгісіне ауысуына орай сапқа тұрғызылды.

    Салтанатты рәсім барысында жас қызметкерлер Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

    Сонымен қатар, салтанатты жиын аясында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдар табысталды.

    Салтанатты шара жас құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеп, Отанға адал қызмет етудің айқын көрінісіне айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары