1 / 8
Облыстың алты ауданында төтенше жағдайлар тәуекелдерін басқару және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бойынша көшпелі оқыту сабақтары өткізілді.
Оқытуды Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп Құрманғазы, Мақат, Махамбет, Индер, Қызылқоға аудандарында ұйымдастырды.
Сабақтар барысында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруге назар аударылды.









