«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»

    1 / 4

    Бизнес және сервис жоғары колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

    Кездесуге «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Батыржанұлы Абдураимов және Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Превенция және талдамалық әзірлемелер басқармасының АМІЖ жедел уәкілі Марат Құдайбергенұлы Сеильханов қатысты.

    Іс-шара барысында заңдылықты сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жаңа қоғамдық этика қағидаттары, азаматтық сана, адалдық пен өзара құрметтің маңыздылығы туралы ой қозғалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары