«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ

    Басқарма туралы

    «Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Абай облысының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру болып табылады.

    «Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

    • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

    • жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

    • азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 1) әкімшілік-шаруашылық функциялар – ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық; 1-1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, судья, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес саяси мемлекеттік лауазымды не "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымын не сайланатын мемлекеттік лауазымды атқаратын адам; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам; 2-1) мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам – көрсетілген ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша орындайтын адам; 3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – мемлекеттік қызметтегі адам, мәслихат депутаты, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанына дейін уақытша атқаратын адам, сондай-ақ офицерлер құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әскери лауазымына уақытша тағайындалған немесе оның міндетін уақытша атқаратын адам; 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам (мәслихат депутатын қоспағанда); Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімі болуға, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін немесе лауазымдық міндеттері мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты болатын не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлері; автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері;; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін; 6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдарының өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу; 6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі қызмет; 6-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар; 8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері; 9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер; 10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызметі; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі; 13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметі; 14) ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар – қызмет бойынша бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдерді шығаруға, сондай-ақ бағынысты адамдарға қатысты көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық; Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020№ 365-VI(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021№ 91-VII(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022№ 157-VII(01.01.2023 бастап қолданысқаенгізіледі); 03.01.2023№ 188-VII(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023№ 50-VIII(01.01.2025 бастап қолданысқаенгізіледі); 30.06.2025№ 204-VIII(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026№ 251-VIII(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.01.2026№ 256-VIII(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқаенгізіледі); 19.05.2026№ 291-VIII(01.07.2026 бастап қолданысқаенгізіледі); 11.06.2026№ 306-VIII(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.06.2026№ 311-VIIІ(қолданысқа енгізілу тәртібін2-баптанқараңыз) Заңдарымен. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. 2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы

    Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің көптеген елдері бетпе-бет келетін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретеді, басқару тиімділігін төмендетеді және экономикалық дамуды тежейді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлыққа жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасауға және қоғамда жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруға бағытталған 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен бизнес ортасының қызметінде ашықтық пен жауапкершілікті арттыруды қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің тұрақты жүйесін құру. Басым міндеттер қатарында: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың институционалдық негізін нығайту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік және жеке құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктерін дамыту. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын пайдалануға тиімді бақылау орнату. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және ақпараттандыру деңгейін арттыру. Стратегиялық бағыттар 1. Құқық қолдану және бақылау тиімділігін арттыру Құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдардың қызметін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық көріністерін мониторингтеу және талдаудың заманауи технологияларын енгізу. 2. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету Ашық үкімет қағидаттарын енгізу, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен электрондық басқаруды дамыту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беруді дамыту Кең ауқымды білім беру науқандарын өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды оқу бағдарламаларына енгізу және қоғамдық сананы арттыру. 4. Халықаралық ынтымақтастық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу. Тұжырымдаманың Қазақстан үшін маңызы 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын қабылдау және іске асыру елдің тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Ол құқықтық мемлекетті нығайтуға, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға және шетелдік инвестицияларды тартуға, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Тұжырымдамада көзделген жүйелі тәсіл мен кешенді шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мемлекеттік басқаруды неғұрлым ашық әрі есеп беретін етуге, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған.

    Жарияланды:
    Анықтама

    Аналитикалық анықтама

    АНАЛИТИКАЛЫҚАНЫҚТАМА «Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының О.Т.Бейсенбаевтың 2026 жылғы 27 шілдегі №29 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және барынша азайту (жою) тұрғысынан Басқарма қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарманың міндеттері: 1) жастар саясаты, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мәселелері; 2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту; 3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мәселелері;

    Жарияланды:
    Ереже

    Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің Ережесі

    Жалпы ережелер Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері Жастарбастамаларын қолдау бөлімініңқызметін ұйымдастыру

    Жарияланды:
    Ереже

    Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Ақпараттық-талдау бөлімінің Ережесі

    Жалпы ережелер Ақпараттық-талдау бөлімінің міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері Ақпараттық-талдау бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    Жарияланды:
    Хаттама

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру үшін конкурстық өтінімдерді бағалау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

    Жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру үшін конкурстық өтінімдерді бағалау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ Семей қ. 2026 жылғы «__» ________ Төрағалық етті: Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы - Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру үшін конкурстық өтінімдерді бағалау жөніндегі комиссия төрағасы (бұдан әрі - Комиссия). Қатысқан комиссия мүшелері(тізім бойынша). «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру туралы Әр бағыт бойынша комиссия мүшелерінің ақпараттары назарға алынсын. Белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын келесі жеңімпаздарға қаржылай 1 миллион теңге берілсін: «Ғылым» бағыты бойынша Леонидова Айым Бауыржанқызы - «Разработка и исследование тонкослойных износо-коррозионностойких защитных покрытий, наносимых методом электродугового напыления, для повышения ресурса элементов батарейных циклонов ТЭЦ области Абай». «Ауыл шаруашылығы»бағыты бойынша Әбет Аяжан - «Abay Aul Market» ауыл шаруашылығы, цифрландыру, электрондық коммерция (E-commerce), кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті өнімдерді қолдау. «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша Набока Владислав Денисович - «Erikti» (Ерікті), мобильная платформа учета и мотивации волонтеров области Абай. «Бизнес» бағыты бойынша Мендыбаева Анара Саиновна - EcoHen – производство экологически чистой продукции птицеводства «Креативті индустрия» бағыты бойынша Мұханов Асхат Қуандықұлы - «Бала Мұрасы» бағыты «Экология» бағыты бойынша Бауыржан Амина Бауыржанқызы - EcoCocoon : инновационная система восстановления лесов и озеленения засушливых территорий области Абай «Волонтерлік» бағыты бойынша Ғабитова Жансая Әлиханқызы - Мобильный кабинет сенсорной интгерации Осы шешім Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына бекіту үшін енгізілсін. Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы - Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы, комиссия төрағасы; Тұрсынғалиев Қуат Болатұлы - Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері Курмангалиева Жанна Дулатовна Сабалакова Алуа Укушевна Хамит Айдар Дулатұлы Азамбаев Серік Болатұлы - - - - Абай облысы әкімінің білім саласы бойынша кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы; Астана халықаралық университетінің оқытушысы; ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" Астана филиалының директорының орынбасары; Сайлауғалиев Елдос Қайыржанұлы Сатиева Калия Рамазановна Нәдірбек Жумат Ерболұлы - - - Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік кредит беру, инвестициялық салымдарды субсидиялау және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлімінің бас маманы; Шәкәрім университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты; “Kondiz distribution” ЖШС құрылтайшысы; Молдақашев Қуаныш Панарбекұлы Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы - - Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар саласындағы медиация кеңесінің төрағасы; "Қазақстан Жастарының конгресі" ЗТБ директоры; Куангалиева Анар Ахметкалиевна Қасенов Қуаныш Аманбекұлы Бекен Нұрбек Мұхаметқалиұлы Жунусов Равиль Каиргазыевич Нұрмұханбетов Мейіржан Ерланұлы Канатова Алия Талгатовна Каримова Лаура Саятовна Демежан Медғат Несіпбекұлы Каирбаева Шынар Муратовна - - - - - - - - - Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы; Креативті индустияны дамыту қоры Абай облыстық филиалының өкілі; Абай облыстық мәслихатының депутаты; «SEMEI» телеарнасының басшысы; Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру бөлімінің басшысы; KazDream IT Holding AiMap компаниясының өкілі; PhD, Assistant Professor, СМУ Astana IT University төрайымы; Бас эксперт КИОР; Абай облысы бойынша экология департаментінің бас маманы — мемлекеттік экологиялық инспекторы; Экоблогер; "Таза" экоклубының жетекшісі; Исламов Адилет Жумагелдыевич Әлімханұлы Мұхтар Габдулжапаров Дастан Ержанұлы - - - Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және сауда бөлімінің басшысы; «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ директоры; Жеке кәсіпкер; Абдураимов Әліби Батыржанұлы - «Абай жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры;

    Жарияланды: