Екі аптаға созылған ғылыми-практикалық оқыту жобасы өз мәресіне жетті.
Жоба барысында жас зерттеушілер тәжірибелі спикерлердің дәрістерін тыңдап, танымдық воркшоптарға қатысып, ғылыми білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.
Қорытынды кезеңде қатысушылар өз жобаларын өңірлік сарапшылар алдында таныстырып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Бұл - жаңа идеяларды ортаға салып, тәжірибе алмасуға және ғылыми әлеуетті дамытуға мүмкіндік берген маңызды алаң.
Жоба соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жас ғалымдардың ізденісі артып, тың идеялары жүзеге аса берсін! Ғылым жолындағы қадамдарыңызға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жаңалықтар тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









