Абай облысында «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында жастар арасында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Саналы ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті.
Іс-шараға өңірдегі барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, колледждердің белсенді студенттері, оқытушылар мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Слеттің ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шамелович Шарипов сөз сөйлеп, жастар арасында адалдық қағидаттарын қалыптастырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың және азаматтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Слет барысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін дамыту және білім беру ұйымдарында әділдік пен ашықтық құндылықтарын орнықтыру мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









