«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 6

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының «Кітап оқитын университет» бағыты аясында Әлихан Бөкейхан университетінде жоба қатысушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Кездесуге Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев қатысып, жобаның жастардың зияткерлік әлеуетін арттырудағы, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуға шақырды.

    Кездесу барысында марафонның негізгі талаптары, кітаптарды оқу кезеңдері, оқылған шығармалар бойынша пікір жазу және кері байланыс беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары