Байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, жас таланттарды қолдауға және сахна өнері арқылы қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеруге мүмкіндік берді.
Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені «Шәкәрім университеті» КеАҚ-тың «Қарагөз» студенттік жастар театры иеленді. ІІ орын М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес-Аймақ» студенттік жастар театрына, ІІІ орын Alikhan Bokeikhan University-дің «Urker» өнер орталығына берілді.
Сонымен қатар, қатысушылар «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі» және «Үздік режиссура» арнайы номинациялары бойынша марапатталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 750 000 теңгені құрады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, театр ұжымдарының жетекшілеріне және қазылар алқасының мүшелеріне алғыс білдіреміз. Жас өнерпаздарға шығармашылық табыс пен жаңа сахналық жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









