1 / 4
Семей медицина университетінде «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
Кездесу барысында студенттер мен жас ма мамандар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелері сөз болды.
Болашақ дәрігерлер тек кәсіби біліммен шектелмей, жан-жақты дамыған, кітапты серік еткен зиялы ұрпақ болуы маңызды. Осындай мазмұнды шаралар университет қабырғасында жалғасын тауып, жастарды білім мен ғылымға шабыттандыра беретін болады









