«Заң мен тәртіп: жаңа қоғамдық этика» тақырыбында кездесу өтті

    1 / 6

    Семей қаласындағы Электротехникалық колледж және Шәкәрім жоғары колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп: жаңа қоғамдық этика» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Үкіжанов Думан Масғұтұлы және Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Превенция және талдамалық әзірлемелер басқармасының АМІЖ жедел уәкілі Сеильханов Марат Құдайбергенұлы қатысты.

    Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткінің зияны мен оның заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ қаржылық құқық бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және заңға құрметпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар студенттерге күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтау және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға саналы түрде атсалысу қажеттігі түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары