«АБАЙ QUIZ – 2026»: 100 КОМАНДА, 600 ҚАТЫСУШЫ, 4,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

    1 / 8

    24 қазанда Семей қаласында Ұлттық мереке – Республика күніне орай және «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау мақсатында «Абай Quiz – 2026» республикалық зияткерлік ойыны өтті.

    Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында ұйымдастырылған ауқымды дода еліміздің 9 өңірінен келген 100 команда мен 600 қатысушының басын біріктірді.

    Жеті кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар Абай мұрасы, өңір тарихы, Алаш қозғалысы, мәдениет, өнер және Қазақстанның жетістіктері бойынша білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.

    Жалпы ақшалай жүлде қоры 4,5 миллион теңгені құрап, үздік 10 команда мен 5 арнайы аталым жеңімпазы марапатталды.

    Айта кетейік, зияткерлік ойын Абай облысында екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. 2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткен алғашқы додаға 180 команда қатысып, іс-шара Қазақстанның рекордтар кітабы – КиНЭС-ке енгізілген болатын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары