Елдік мерекенің мерейін асырған әуен, адал еңбекке көрсетілген құрмет, жұртшылықтың ақжарма тілегі. Мойынқұм ауылындағы мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.
Аудан әкімі Ермек Карентаев Мойынқұм жұртшылығын ұлттық мерекемен құттықтап, елдің береке-бірлігін сақтаудың, туған жердің өркендеуі жолында бірлесе еңбек етудің маңызын атап өтті. Республика күні – мемлекеттілігімізді ұлықтап, өткенге тағзым ететін, болашақ алдындағы жауапкершілігімізді сезінетін қастерлі мереке.
Салтанатты жиында ауданның дамуына үлес қосып, өз саласында адал еңбегімен көзге түскен азаматтар марапатталды. Бұл құрмет – туған өлкенің игілігі үшін атқарылған істің, табандылық пен жауапкершіліктің бағасы. Мойынқұмның әр жетістігінің артында осындай еңбек адамдарының маңдай тері жатыр.
Шараның екінші бөлімі мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Әуелеген әндер мен әсем билер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, салтанатты кештің сәнін келтірді. Өнерпаздар өз өнерлері арқылы туған елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты дәріптеді.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, жұртымыздың бірлігі бекем болсын! Республика күні әр шаңыраққа қуаныш пен құт-береке әкелсін!
Мойынқұмда Республика күні салтанатты түрде аталып өтті
1 / 13
Ұқсас материалдар

Ақтөбенің экосаябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар 100 қайың отырғызды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Экстремизм мен терроризм - әлемге төнген қауіп
ҚР ТҚОАшу
Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылын өткізу тәртібі мен маңызы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіАшу
Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің жастар саясаты жөніндегі отырыстарына қатысты
Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығыАшу
"Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Адал қызмет пен қоғамдық сенім: Мойынқұмда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Президент «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын жеделдету мәселесін пысықтауды тапсырды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Мойынқұмда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу