«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімнің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жамбыл ауылдық округіндегі сайлау учаскесінің шекарасы туралы хабарлама
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ «Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №10 қаулысына және Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5-тармағына сәйкес, Жамбыл ауылдық округіндегі сайлау учаскесінің шекарасы туралы хабарлайды: № Сайлау учаскесінің нөмірі және орналасқан мекен-жайы Шекарасы 1 Жамбыл ауылы, И.Сарымсақова көшесі №1, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Абай атындағыорта мектебінінің ғимараты Жамбыл ауылы
Жарияланды:
Ақпарат
Call-орталық байланыс нөмірі
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ «Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №10 қаулысымен Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 8 қарашаға тағайындалған. Жоғарыда көрсетілген ауылдық округ әкімдерінің сайлауына байланысты аудан әкімі аппаратымен арнайы Call-орталық құрылғанын және сайлауға қатысты қажетті ақпарат алуға болатынын хабарлайды. № Call-орталықорналасқан жері (толық мекен-жайы) Call-орталық байланыс нөмірі 1 Мойынқұм ауылы, Қабышевкөшесі, №2 8 (72642) 2-44-93
Жарияланды:
Ақпарат
Cайлау жарнасын енгізу бойынша реквизиті
Мойынқұм ауданыЖамбыл ауылдық округікандидаттардың сайлау жарнасын енгізу бойынша реквизиті «Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, №147 КНП - 119 КБЕ-12 БИН - 940440000673БИК - KKMFKZ2A КZ750705031226505002 "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ" РММ Кандидатқа төлемді тағайындауда көрсетілсін: «Мойынқұм ауданыЖамбыл ауылдық округіәкіміне кандидаттың сайлау жарнасы – Т.А.Ә., ЖСН».
Жарияланды:
Есеп
Мойынқұм ауданы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша 2026 жылдың 9 айының қорытындысымен атқарған жұмыстары туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО) 65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрімен қоса алғанда 97 қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде: қағаз түрінде– 3 қызмет түрі (3,1%); электронды түрде– 42қызмет (43,8%); мемлекеттік корпорация арқылы–52қызмет (53,1%). 2026 жылдың 8 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 1719 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Оның ішінде: -электронды түрде-1551 қызмет(68,9%) -қағаз түрінде-135 қызмет(6,00%) -қағаз түрінде(баламалы) -566 қызмет(24,1%) 2026 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген. Ішкі бақылау жұмыстары бойынша 2026 жылдың 9 айында ЖАО тарапынан ішкі бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, есептік мерзімде 3 ішкі бақылау жұмыстары (Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі(5) ,Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппараты КММ(1),Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі(3) ) жүргізілді. Бақылау барысында 9 заң бұзушылықтар (9субъективті) орын алды. Аталған бөлімдерге және ауылдық округке анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданып тиісінше тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес: 2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 42 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 4 отырыс ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары Мойынқұм аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 16 ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде. Жыл басынан жалпы ауылдық округтерде 716 қызмет көрсетілген. Біліктілігін арттыру бойынша 2026 жылдың 9 айында 4 қызметкер «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында» «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары»тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын нәтижелі аяқтады. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» қағидалары ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысының 2-тарау 15тармақ 1)тармақшасына сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласына жауапты 10 маманның біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр.
Жарияланды:
Ақпарат
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөнінде хабарлама
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары (Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147, телефон 8(72642)2-40-90) 2026 жылғы 08 қарашаға тағайындалған Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауынәзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 4-тармағына сәйкес, Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөнінде хабарлайды: №312 учаскелік сайлау комиссиясы: Орналасқан жері:Жамбыл ауылы, И.Сарымсақова көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі" КММ. Телефоны:8(72642) 5-04-28 Комиссия төрағасы:Бердикулова Гулмайра Койайдаровна Төрағаның орынбасары:Бейсенбайұлы Нұрғазы Комиссия хатшысы:Токтарова Айида Бейбитовна Комиссия мүшелері:Калмырзаева Алтынай Досжановна Эшанкулова Гульдана Абдулазизовна Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Жарияланды:
Конкурстар
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің конкурстық комиссиясы «Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының қызметтік бос тұрған лауазымына 1(бірлік) конкурс жариялайды.
Мекеменің атауы:Мойынқұмауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: 080600. Жамбыл облысы, Мойынқұмауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй. Телефон + 7 (72642) 2-48-70. Мекеме қызметінің негізгі бағыты:Халыққаақпаратқа, білімге және мәдени ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Кітапхана қорын толықтыру, сақтау және пайдаланушыларға ұсыну; халыққа кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету; кітап оқуға қызығушылықты арттыру және ақпараттық сауаттылықты дамыту; мәдени-ағартушылық іс-шаралар, кітап көрмелері, кездесулер мен әдеби кештер ұйымдастыру; балалармен, жастармен және халықтың басқа да әлеуметтік топтарымен жұмыс жүргізу; электрондық ресурстар мен цифрлық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес. Білуі тиіс:Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; кітапхана ісінің теориясы мен практикасын, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибесін; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, Мойынқұм ауданы әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum) ресми сайтындажарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үй, Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өткізуі тиіс. Анықтама телефоны: + 7 (72642) 2-48-70 Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі. 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралыанықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғыжұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Конкурс өтетін күні:16.10.2026 ж. Конкурстың өтетін орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 13 үйдің 1 қабатында өткізіледі. Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметіменбелгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.