Бүгін, 23 қарашада Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кеңестің күн тәртібінде жылыту маусымының өту барысы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық талаптарды бұзғандарға салынған айыппұлдар, тарихи ескерткіштерді заңдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, ветеринария саласының қызметі және орындаушылық тәртіп мәселелері талқыланды.
Аталған мәселелер бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Төлегенов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазыбек Бейімбетов, ветеринария бөлімінің басшысы Болатбек Серікбаев, аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы Арыстанбек Шайжанов және аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбай баяндама жасады.
Кеңес барысында ауданның өзекті мәселелері жан-жақты қаралып, жауапты сала басшыларының ақпараты тыңдалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









