Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар

    Мойынқұм ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар

    1

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    2

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    3

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады.

    Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың;

    сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсінсот заңда белгіленген тәртіппентанығанадамныңсайлануға құқығы жоқ.

    4

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    5

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    6

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

    Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:

    ·Көгілдір– астананың,облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін.

    ·Жасыл– астананың,облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін.

    Күлгін– облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін.

    ·Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайланған әкімге куәлік тапсыру

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 46-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

    Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі бойынша: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9)...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

    Жамбыл облысыМойынқұмауданыЖамбыл ауылдық округіәкімініңсайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА 2026 жылғы08 қарашадаЖамбыл облысы Мойынқұм ауданыЖамбыл ауылдық округі әкімініңсайлауы өтті. Жамбыл ауылдық округі бойынша:...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының сайлаушыларына сайлау учаскесін анықтауға арналған колл-орталық

    2026 жылғы29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарынсайлау бойыншаЖамбыл облысыМойынқұм ауданыныңсайлаушыларынасайлауучаскесін анықтауға арналған колл-орталық Аудан/қала атауы Аймақ коды (саны) Сall-орталықтың теле...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың Мойынқұм ауданының сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

    №1 сайлау округі бойынша Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың Мойынқұм ауданының сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі (бір мандаттық жүйе бойынша)(2026 жылдың 2 – 27 қараша аралығы) Кандидаттың аты...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру сервисін ұйымдастыруға арналған сайлау учаскелері мен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері туралы мәліметтер

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру сервисін ұйымдастыруға арналған сайлау учаскелері мен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері туралы мәліметт...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша дауыс беру күні тіркеусіз азаматтарды тіркеуге арналған сайлау учаскелері туралы мәліметтер

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша дауыс беру күні тіркеусіз азаматтарды тіркеуге арналған сайлау учаскелері туралы мәліметтер р/с № Облыстың/республикалық маңызы бар қаланың атауы Облыс орталығы/республикалық маңызы...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарлама

    Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазан...

    Мойынқұм ауданының әкімдігіЖарияланды: