«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Дипломмен ауылға» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде келесіні хабарлайды.

    Жобаны тиімді және жоспарлы іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар білім беру мекемелерімен, жастардың қоғамдық ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, Интернет-ресурстар және т.б. арқылы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрінің, Үкімет блогына, Президенттің Виртуалды қабылдау бөлмесіне және call-center-ге әлеуметтік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша өтініштердің үлкен легі түседі.

    Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрінің сайтына облыс/аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен, бөлім басшыларынан/орынбасарларынан сұрақтар келіп түседі. Келіп түскен сұрақтардың талдауы көрсеткендей, ең көп өтініш Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының әкімдіктерінен келіп түседі. Бұл талдау осы өңірлер қызметкерлерінің сапасыз ақпараттық-түсіндіру жұмысын көрсетеді.

    Өз кезегінде, Министрлік тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне де, өтініш берушілерге де Жобаны іске асыру бойынша мәселелерді түсіндіріп, кеңес береді.

    Осыған байланысты, Министрлік облыстар әкімдіктерінің басшылығына «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуын (ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, қаражаттың игерілуін және т.б.) бақылауға алуды орынды деп санайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жер заңнамасы нормаларының тала...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жер...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, аза...

    ·