Әдеп жөніндегі уәкіл
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Кенетаев Алмаз
1991 жылы 21 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 2013 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «металлургия», 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы «Казферросталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің болат балқыту пешінің көмекшісі болып бастаған. 2013-2014 жылдары Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2014-2015 жылдары Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2015-2017 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы, 2017-2021 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2021 жылдың 09 қарашасынан бастап Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы.