
Нұрадинов Әлібек Нағыметуллаұлы
Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1990 жылы 05 мамырда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2012 жылы Халықаралық Білім беру Корпорациясын («Қазақ бас сәулет-құрылыс академия» Кампусы) «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Шу-Грандстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс шебері болып бастаған. 2011-2012 жылдары Bi-Group ЖШС-да прораб қызметін атқарған.
2012-2013 жылдары «СМК 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс учаскесінің шебері;
2015-2017 жылдары «Базис» құрылыс компаниясы Алматы қаласы филиалының прорабы;
2018-2021 жылдары Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі;
2021-2023 жылдары Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
2023-2024 жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысының қызметін атқарған.
2025 жылдың 07 наурызынан бастап Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары




