
Қазақбайұлы Нұркелді
Аудан әкімінің аппарат басшысы
Өмірбаян
1992 жылы 14 сәуірде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2011 жылы Шу гуманитарлық колледжін «экономист-бухгалтер» және 2014 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының статист-программисті болып бастаған.
2013-2017 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының программисті, 2017-2018 жылдары Мыңарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2018-2021 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, бас инспекторы, 2021-2024 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 19 ақпанынан бастап Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы.




