
Кенетаев Алмаз Әлімбайұлы
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Кенетаев Алмаз
Өмірбаян
1991 жылы 21 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2013 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «металлургия», 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Казферросталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің болат балқыту пешінің көмекшісі болып бастаған.
2013-2014 жылдары Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2014-2015 жылдары Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2015-2017 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы, 2017-2021 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың 09 қарашасынан бастап Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы.
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Кенетаев Алмаз
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, индекс 080600,
Мойынқұм ауылы, Қ.Қабышев көшесі №2, 15 кабинет
Байланыс телефондары: 8 72642 2 44 87, 8 776 162 40 67
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ |
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ |
ҚАБЫЛДАУОРНЫ |
Апта сайын, сәрсенбі күні |
1500-1800 |
№15 кабинет |
Егер Сіз мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, мына нөмірге қоңырау шалуыңызға болады +7 72642 2-44-87




