
Жүнісов Ғани Спартакұлы
Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының әкімі
Өмірбаян
1979 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары.
1997 жылы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономика колледжін «бухгалтер» және 2000 жылы Менеджмент және маркетинг институтын «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Мойынқұм аудандық статистика бөлімінің экономисті болып бастаған.
2001 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, 2007-2009 жылдары жеке кәсіпкер, 2010-2015 жылдары «Ақ жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коммерциялық директоры, 2020-2022 жылдары Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының техникалық қызметкері қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 25 шілдесінен бастап Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының әкімі.





