Руководитель
Кеншімов Еркін Әбілұлы
Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылы 02 мамырда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «қаржы», 2016 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
КЕНШІМОВ ЕРКІН ӘБІЛҰЛЫ

Еңбек жолын 2008 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2009-2012 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, 2012-2015 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы, 2015-2018 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, 2018 жылы «Оргстрой» ЖШС аға сапа бақылаушысы, 2019 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2019-2022 жылдары Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, 2022 жылы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы, 2022-2024 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 21 ақпанынан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.